
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Азат Оралбаев Ордабасы ауданы, Түрткүл ауыл округіне қарасты Қызылжар ауылының тұрғыны 106 жастағы Орынкүл Құрманбекова әженің шаңырағында болды. Абзал анаға гүл шоқтары мен қазақы дәстүр бойынша иығына ақ жаулық жауып, мерейлі мерекемен құттықтады.