АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Арыс қаласының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 19 наурызда сағат 15.00-де қалалық мәдениет үйінде (Арыс қаласы, Ергөбек көшесі №178), жеке қабылдауы сағат 16.00-де «Ардагерлер орталығы» ғимаратында (Арыс қаласы, Д.Қонаев көшесі №3) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 17 наурызға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі. Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.