
Қабылдау барысында Сайрам, Сауран, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласының азаматтары бірқатар мәселе көтеріп, облыс әкімінің көмегіне жүгінді. Нақтырақ айтқанда, тұрғындар карьер, білім саласындағы заңсыздықтар, мектептердің құрылыс сапасы, жұмыстан заңсыз босатылу, полигон сияқты түйткілдерді ортаға салды.