
Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аймақта бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, аудан, қалалардағы тазалық жұмыстарына жеке тоқталды. Бүгінгі күнге «Taza Qazaqstan» ақпараттық жүйесіне 1 297 өтінім түскен. Оның ішінде, 1 252 өтінім орындалса, 45 өтінім орындалу барысында. Түскен өтінімдердің басым бөлігі Қазығұрт, Мақтаарал, Созақ, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласына қатысты. Сонымен қатар бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға бірқатар қызметті жүзеге асыру құқығын беру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.