
Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, ретсіз тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау, ағаштардың түбін қопсыту және ақтау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке 24 техника жұмылдырылып, 4,2 тонна қоқыс шығарылып, жалпы 2000 астам адам атсалысты.