
Жетісай ауданындағы тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге және санитарлық тазалықты жүйелендіруге тұрғындарды дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясындағы іс-шараға қала, кент және барлық ауылдық округтерден 2 мыңға жуық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен ерікті жастар қатысты. Олар өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Сонымен қатар тазалық шарасы барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер тазаланды, талдардың діңгегі әктелді. 20 техника жұмылдырылып, 60 тоннаға тарта қоқыс шығарылды.