ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ШАҒЫН СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ШАҒЫН СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.
✔️Осы мақсатта, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мақсатында «РТ Оңтүстік Энерго» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, аудан аумағынан шағын су электр станциясын салу мәселесін талқылады.
✔️Инвестормен тілдескен аудан басшысы салаға жауапты орынбасары Нұрболат Талипов, аудан әкімі аппарытының заң бөлімшесінің басшысы Алтынбек Сәрсенбековтарға тиісті тапсырмалар жүктеп, жобаның жүзеге асуын қадағалауды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі