
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов облыс тұрғындарын жеке қабылдады. Арыз-шағымын айтқан тұрғындардың дені үй кезегіне қатысты мәселемен келген. Түркістан қаласының тұрғыны кезек санына қатысты сауал жолдаса, Сарыағаш, Арыс, Мақтаарал аудандарының тұрғындары жеке бас мәселелерімен бөлісті. С.Қалқаманов өз кезегінде облыс азаматтарына аталған мәселелерді жеке қадағалауға алып, оң шешілуіне үлес қосатынын жеткізді.
Атап өтейік, облыс әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауы белгіленген кестеге сәйкес өтуде. Нақты ақпарат облыс әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады.
Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі