
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау қаласын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Кентау қаласы ЖЭО-ның «№7,8,9,10,11,12 қазандықтарын күрделі жөндеу» жобасы әзірленіп, жылу көздерін жаңғыртуға қаржы қаралған. Станция 1934 жылы құрылған. Оның қондырғылары 1954 жылы орнатылған. Соңғы күрделі құрылыс жұмыстары 2012 жылы жүргізілген. Қазіргі таңда, Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығы қайта жаңғыртудан өтіп қаланы толық жылумен қамтып отыр.