ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
✔️Түркістан облысының тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Ордабасы аудандық Мансап орталығы ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
✔️Жәрмеңкеге қатысушылар мамандардан кеңес алып, сұхбаттасудан өтіп, еңбек нарығындағы бос орындар туралы ақпарат алды.
✔️Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 32 мекеме тарапынан 84 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның ішінде пробация қызметі есебіндегі 1 адам квота бойынша, 1 адам тұрақты жұмысқа, 9 адам әлеуметтік жұмыс орнына және 9 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.
✔️Сонымен қатар жәрмеңке аясында пробация қызметі есебіндегі азаматтарға жеке қабылдау өтіп, мемлекет тарапынан қарастырылған қолдау түрлері туралы кеңес берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі