
Қазіргі таңда облыс аумағында 380 жанармай құю бекеті мен 9 мұнай базасы жұмыс істейді. Түркістан облысы бойынша «АИ-92», «АИ-95» және дизель отыны еркін босатылуда. Нұрбол Тұрашбеков жұмысшы топқа аудан әкімдіктерімен, шекара қызметкерлері және кеден бекеттерімен бірлесе отырып, жұмысты алгоритмге сәйкес күшейтуді тапсырды.