ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты түрде Сарыағаш ауданы аумағында жүргізілуде.
✔️Сенбілік барысында Сарыағаш қаласына қарасты көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, арық-атыздарды тазаланды. «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 4 арнайы техника және 35 жұмыскер сенбілік жұмыстарына жұмылдырылды.
✔️Тазалық жұмыстарын арнайы аудан әкімі Арман Абдуллаев жаяу аралап көріп, сала басшыларына тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі