ТУРИЗМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

ТУРИЗМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ
✔️2024 жыл «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» болып жарияланған болатын. Туризм жылы аясындағы іс-шаралар саяхатшыларға жаңа мүмкіндік берді. Сондай-ақ туризм индустриясы өкілдеріне серіктестік байланыстарды нығайтуға жол ашты.
✔️«Туризм жылы Қытайдан жарты миллион турист тартуға және 300 млн АҚШ доллары көлеміндегі туристік қызметтерді экспорттауға бағытталды», - деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ баспасөз конференциясында.
✔️Туризм жылының бірыңғай жоспары аясында іскерлік және мәдени іс-шаралар өткізу арқылы Қытай нарығында Қазақстанның танымалдылығын арттыруға бағытталған 37 іс-шара ұйымдастырылды.
✔️«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде брондалған сапарлар саны бойынша Қазақстан қытайлық туристер арасында танымал елдер тізімінде 40-шы орыннан 29-орынға көтерілді», - деді спикер.