
Анарбай ақсақал жас буынның өнегелі ісіне шын көңілден риза болып, ақ батасын берді, елімізге амандық тіледі. Бірінші Белорусь майданында соғыс қимылдарына қатысқан ақсақал Польша, Германия жерлерін фашистік армиядан азат ету шайқастарына қатысқан. Соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі үшін «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған. Жеті қыз, үш ұл өсіріп, жетілдірген қария бүгінде 48 немере, 92 шөбере, 3 шөпшек көріп, ұрпағының қызықшылығын көріп отыр. «Таза бейсенбі» науқанына қатысқан жастарымыз ақсақалға жан саулығын тілеп, өнегелі отбасының тағлымды тіршілігінің өміршең болуына ниеттес екендіктерін жеткізді.