
Сайысқа қатысушылар ішінде әр өңірден іріктелген 19 спорт шебері, 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен 1 гроссмейстер қатысып, чемпиондыққа таласуда. Айта кетейік, бұл чемпионатта Түркістан облысының 12 спортшысына мол сенім артылып отыр. Олардың қатарында Азияның 7 дүркін және әлемнің бірнеше дүркін жүлдегері Есбол Еренғайып, Айбек Наралиев, Нұрасыл Құдайберген сынды таланттар бар.