
Түркістан облысында шегіртке мен ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес күшейтілді. Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды. Жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар беріліп, жұмысты ширату міндеті жүктелді. Химиялық өңдеу жұмыстарын бір күн де кешіктірмеу, жағдайды бақылауда ұстау, дәрі сапасын қадағалау, жұмысты сапалы атқару тапсырылды.