Жаңа жыл қарсаңында Түркістан қаласының Райымбек Сейітметов атындағы музыкалық-драма театрында Түркістан облысының қорғаныс істері департаменті әскери қызметшілерінің балалары мен отбасыларына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Театр әртістері дайындаған мерекелік бағдарлама қатысушыларды сиқыр әлеміне шақырды. Балалар ата-аналарымен бірге жарқын ертегі қойылымының бір бөлігіне айналды. Онда оларды жаңа жылдық кейіпкерлер қарсы алып, қызықты оқиғаларға жетеледі.
Іс-шараны ашқан облыстық департамент бастығы, подполковник Талғат Тұрабай құттықтау сөз сөйледі.
– Қымбатты балалар! Біздің елімізде түрлі мереке көп, бірақ ең әсем және көптен күткені – Жаңа жыл! Баршаңызға зор денсаулық және бар жақсылықты тілеймін. Барлық армандарыңыз орындалсын, – деді ол.
Салтанатты шара Аяз ата, Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған бағдарламасымен бастады. Аниматорлар балаларды интерактивті ойындарға тартты, билетті, ән айтты және жонглерлікке үйретті.
– Жаңа жыл – бұл балалар асыға күтетін сиқырлы мереке. Біз жыл сайын әскери қызметшілердің балалары үшін қамқорлығымыз бен қолдауымызды сезінуі үшін нағыз мереке құруға тырысамыз, – деді департамент бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев.
Іс-шарада Аяз ата мен Ақшақардың жаңа жылдық сыйлықтары табысталды. Балалар шарадан жақсы әсерлер алып, сүйікті кейіпкерлерімен қуана сөйлесті, жетістіктері мен армандарымен бөлісті. Мереке балалар мен олардың отбасыларына ұзақ уақыт бойы жүректе қалатын жылулық пен қуаныш сезімін сыйлады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі