Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен өңірдің индустриалды әлеуетін дамыту үшін «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен облыстың 100 га аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асып жатыр. Жоба аясында 308 млрд. теңге инвестиция тартылып, 151 өндірістік ғимарат салынып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Бюджетке жылына 2 млрд. теңге салық түседі.
Бүгінгі таңда 10 ғимарат салынып, 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс оны құрылды. Мұнда су үнемдеу технологияларын енгізіп, жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын 3 кәсіпорын іске қосылды. Сонымен бірге мектепке арналған жиһаздарды өндіретін, медициналық жабдықтар шығаратын, өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіретін, ішкі есіктер шығаратын кәсіпорындар ашылған.