Арыс қаласындағы «Turkestan
Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдардын өсіру мен ет бағытындағы мүйізді іріқара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылады. Құрылыс, бордақылау және жаю схемасы аустралиялық «торлы» мал шаруашылығы әдісімен жасалады. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде биылғы жылдың соңына дейін бордақылау алаңына 15 мың бас, 2025-2026 жылдары тағы 10 мың бас, ал 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады.