
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров атап
өткендей, оң динамика 18 өңірде тіркелді, бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарында байқалады.