Ұлттық құраманы қолдауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нұрлан Қоянбаев, қала қонақтары мен белсенді жастар қатысты. Футболдан ел құрамасының жеңісіне тілек білдірген жұртшылық матч кезінде қолдау білдіріп, футболдың елімізде қаншалықты маңызды екендігін тағы да көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасы Норвегиямен тең ойнады.