ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ҚОЛКҮРЕСШІЛЕР ӘЛЕМДІ ТАҒЫ ДА МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ҚОЛКҮРЕСШІЛЕР ӘЛЕМДІ ТАҒЫ ДА МОЙЫНДАТТЫ
2024 жылы тамыз айының 15-24 күндері аралығында Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен армрестлингтен 45-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
61 мемлекеттен 1500-ден аса спортшылар қатысқан Әлемдік додада жерлестеріміз жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және ересектер арасында 20 алтын алқаны қанжығаларына байлап, дүниежізінің алдында Әнұранымызды 20 рет шырқатты.
Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ:
🔹Жас-жеткіншектер арасында Әлем чемпиондары:
1. Алдан Нұрсұлтан🥇
2. Қали Текжігіт🥇
3. Анвар Эльдар🥇
4. Серік Ерсұлтан🥇
5. Закирова Назым🥇
🔹Жасөспірімдер арасында Әлем чемпиондары:
1. Есен Мейрамбек🥇
2. Маманияз Жасурбек🥇
3. Мелдебек Болат🥇
4. Ибрагим Әділет🥇
5. Оралбай Ұлжан🥇
6. Абдулла Аружан🥇
7. Оразхан Ырысты🥇
🔹Жастар арасында Әлем чемпиондары:
1. Мухамбетов Ердаулет🥇
2. Қали Қасымжомарт🥇
🔹Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Әлем чемпионы:
1. Құралбаев Ұлықбек🥇
🔹Ересектер арасында Әлем чемпиондары:
1. Нұрмахан Ердәулет🥇
2. Зәрубек Санжар🥇
3. Ерсайын Мейрамбек🥇
4. Айдархан Нұрдаулет🥇
5. Құттымұратов Медет🥇
Бұдан бөлек жерлестеріміз
16 күміс және 4 қола медальға қол жеткізіп, Әлемдегі теңдессіз клуб екенін тағы да дәлелдеді. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 52 алтын медальмен 1-орынға жайғасты.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы (ересектер арасында) жеңіп алған 8 алтынның 6 алтын медальін «Шардара Армспорт» клубының спортшылары қанжығасына байлап, ерлер арасында жалпы есепте 1-орынды иеленді.