"TURKISTAN AMAZING" ҚОСЫМШАСЫНДА «ДӘРІХАНА» ПАРАҚШАСЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

"TURKISTAN AMAZING" ҚОСЫМШАСЫНДА «ДӘРІХАНА» ПАРАҚШАСЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Түркістан облысында төтенше жағдай режимінде тұрғындар қолайлылығы үшін "Turkistan amazing" қосымшасы іске қосылған. Бүгінде дәрі-дәрмек қажеттілігіне қосымшада  арнайы "Дәріхана" бағдарламасы пайда болды. Бүгінде мобильдік қосымшаны түркістандықтар тиімді пайдалана бастады. Мәселен, қосымшаға 35 мыңға жуық азамат тіркеліп, өзіне қажетті дәрі-дәрмектерді оңай табуға мүмкіндік алған. Айталық, шілде айының 14-23 күндері аралығында қосымшадан тұрғындардың 187 311 рет дәрі-дәрмек іздегені белгілі болды. Сондай-ақ, қосымшада кейбір медициналық препарадтарға сұраныс артып, халықтан мыңнан астам өтініш келіп түскен. Жалпы облыс көмемінде бағдарламаға 7 дәріхана іздеу жүйесіне қосылса, 531 дәріхананың тізімдері мен мекен-жайлары енгізіліген.

 

Айта кетейік, бұдан былай түркістандықтар дәріхананың мекен-жайын, байланыс нөмірін және іздеген дәрісінің бары-жоғын қосымша арқылы біле алады. Қажетті дәрі-дәрмекке анкета толтыру арқылы сұраныс жасап, ал ондағы азамат жайлы мәлімет 48 сағатта жойылатын жүйе де қарастырылған. Осылайша кез-келген азаматтың өзіне қажетті дәріні оңай табуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ, дәрі бағасының негізсіз көтерілуі сынды жағдайлар орын алған болса да, "Шағымдану" бөлімі арқылы шағым жасауға мүмкіндігіңіз бар.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі