«Түркістан облысы бойынша МКД тарапынан жыл басынан бері жалпыға бірдей декларациялауға көшу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. ҚР заңына сәйкес, жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған. Осы ретте 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін екі кезең аяқталып, қазір декларациялаудың үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларациялаудан өтуге міндеттелген. Алайда өңірде үшінші кезең бойынша 78 мыңға жуық салық төлеуші әлі декларациядан өтпеген. Егерде тиісті мерзім аралығында тапсырмаған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Ал қорытынды төртінші кезеңде, 2025 жылы азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық 18 жасқа толған ересек халқы декларация тапсырады. Декларацияны тапсыру әр жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты жері бойынша тапсырылады. Осы орайда барлық түркістандықтарды уақытылы салық декларациясын тапсыруға шақырамын»,- деді Мейрамбек Байқадамұлы.