Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту оларға Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша қызмет түрлерін көрсетеді. Көші-қон саласындағы мелекеттік саясатты жүргізудің және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттырудың негізгі бағыты – халқы тығыз орналасқан өңірлерден, еңбек ресурстары аз, халқы сирек орналасқан өңірлерге халықты қоныстандырып, ішкі көші-қонды реттеу.
Биылғы жылы 1 маусымдағы көрсеткіштер бойынша облысқа 231 отбасы, 403 этникалық қазақ қоныс аударып, оларға қандас мәртебесі берілді. Оның ішінде, көршілес ел Өзбекстаннан – 390 адам, Тәжікстан - 10 адам, Ресейден - 1 адам басқа мемлекеттерден – 2 адам қоныс аударған.
Бүгінде этникалық қазақтар облысқа қарасты аудандарға орналастырылды. Басым бөлігі Сарыағаш ауданында орналасса (163 адам немесе 40,5%), Ордабасы ауданына 44 адам (10,9%), Қазығұрт ауданына 62 адам (15,5%), Келес ауданына 70 адам (17,5%), Сайрам ауданына 18 адам (4,5%), Жетысай ауданына 10 адам (2,6%), Түлкібас ауданына 12 адам (2,8%), Мақтаарал ауданына 18 адам (4,5%), Түркістан қаласына 5 адам (1,2%), қоныстанды.
Қоныс аударған этникалық қазақтардың 58,3% еңбекке жарамдылар. Басым бөлігі арнайы оқу орындарын бітірмегендіктен, құрылыс саласында, сауда-саттықпен және ауыл шаруашылығымен айналысады.
Аталған бағытта жауапты мамандар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.