«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында Манкент ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен Айша бибі және №27 Аққала атындағы жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары Аққала, Манкент ауылдарында тұратын еңбек ардагері Эргешов Шамхат және зейнеткер Исанова Зүлфия апаның үйіне барды.
Тазалық науқаны барысында аулаларындағы арам шөптерді орып тазартты. Күл-қоқыстарды сыпырып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, бөлме гүлдеріне күтім көрсетіп, арық-атыздардағы топырақ түптерін қопсытты. Бау-бақшада өсірілген өнімдерге ағын су мөлшері тиісті жетуі үшін арық арналарын тазартты. Қоршаған ортаны қорғауға жанашырлық танытып жүрген, осындай отансүйгіш оқушыларға қарттар риясыз көңілмен ақ батасын берді.