«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» бүкілхалықтық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы бүгін Жетісай ауданында да қорытындыланды.
Қоғам мүшелері арасында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген бүгінгі шараға 2 мыңнан астам тұрғын мен шекарашылар, 20-ға тарта техника жұмылдырылды. Абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, сенбілік ұйымдастырылды.
Қатысушылар саябақтар мен скверлердің, тұрғын үйлерінің айналасы мен көшелерді ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазартты. Әктеп-сырлау жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, акция аясында елді мекенаралық автомобиль жолдары мен ішкі көшелердің бойларына, аллеялар мен саябақтарға 5 мың көшет егіліп, 37 тонна қоқыс шығарылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі