Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр. «Жасыл аймақ» апталығы аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы Созақ аудандық музейі тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Шолаққорған ауылындағы орталық көше көше бойын тазалады. Бұдан бөлек ағаштарды әктеп, бағаналарды сырлады.
Акция аясында облыстық мәдениет мекемелері мен аудан, қаладағы бөлімдер тарапынан апта бойы осы бағытта іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі