Ел көлемінде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында бүгін Шардара ауданында абаттандыру, көгалдандыру шаралары басталды. Атап айтсақ, аудан аумағында тал егу, саябақтар мен көшелерді тазалап, қопсыту, ағаштарды ақтау, скверлерді ретке келтіру, жолдарды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған шараға аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері жұмыла кіріскен.