Белсенділер мен еріктілер ауылда орналасқан «Абай», «Тәуелсіздік» және «Данқ» саябақтарына 200 түп раушан мен 1300 түп шырайгүл көшетін отырғызған. Аса күтім талғамайтын және ұзақ гүлдеп тұратын шырайгүл – саябақтың сәнін кіргізді. Сонымен қатар, саябақ іштері қалыпқа келтіріліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сондай-ақ, саябақтарда бұған дейін отырғызылған 2000-нан астам жас тал көшеттері суарылып, шөптер оталды.