Бүгін елімізде іске асып жатқан тазалық науқаны аясында нысанның аумағын тазалау, сырлау, талдарын реттеп әктеу және көгалдандыру жұмыстары атқарылды. Игі шараға аудан әкімдігіне қарасты бөлім мен округ әкімдігінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары атсалысып, киелі орынның аумағына сәнді тал көшеттерін отырғызды.
Сонымен бірге түлкібастықтар аудан аумағынан өтетін, 60 шақырымды құрайтын, Жамбыл облысының шекарасынан бастап, Сайрам ауданының шекарасына дейінгі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойына сенбілікке шығып, ағаштарды реттеу, түбін әктеу, қураған ағаштар мен күл-қоқыстан тазарту сынды жұмыстарды атқарды.
Әр мекемеге тиісті аумақ бөлініп, ол жерлерге қажетті әк, су ауылдық округ әкімдіктері тарапынан жеткізіліп тұрды. Жиыналған қоқыстарға арнайы техника қойылып, тиісті орындарға тасымалдануда.