«КИЕЛІ МЕКЕН»: СОЗАҚТА АҚБИКЕШ МҰНАРАСЫ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

«КИЕЛІ МЕКЕН»: СОЗАҚТА АҚБИКЕШ МҰНАРАСЫ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Созақ ауданы Ақсүмбе ауылындағы Ақбикеш мұнарасының аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға Созақ аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері мен Қаратау ауылдық округі әкімдігінің мамандары атсалысты.
Ақбикеш мұнарасы - Қаратау қойнауынан бастау алған Ақсүмбе өзені аңғарындағы биік жотаға тұрғызылған. Мұнараның іргетасы текше тастармен қаланып, дуалы толығымен қам кесекпен өрілген. Ғалымдардың айтуынша, XVIII ғасырда салынған мұнара арқылы 40-50 шақырым шалғайда келе жатқан жау көрінген. Тарихы терең, киелі орындардағы экологиялық іс-шаралар жалғаса бермек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі