«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы Сайрам ауданында өз жалғасын табуда. Арыс ауыл округіндегі «Темір баба» кесенесі маңына тазалау жұмыстары жүргізілді. Акция барысында киелі орындарда жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынды.