Бүгін «Киелі мекен» апталығы аясында Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейінің ұжымы «Қосым баба» кесенесіне барып, тазалау жұмыстарын жүргізді. Кесене маңындағы жас көшеттердің түбі қопсытылды.
Қосым баба – Шаян өңіріне ислам дінін таратуға келген ишан. Ол Шаяннан мешіт пен медресе ашуды армандаған. Қосымнын арманын немересі Аппақ ишан жүзеге асырады. Қосым бабаның есімі елдің есінде. Кесенесі Шаяндағы ескі мазарда орналасқан. ХІХ ғасыр соңына жататын бұл ескерткіш қазіргі таңда мемлекет қорғауында.
Айта кетейік, 10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Түркістан облысында «Таза Қазақстан» науқаны өтеді. Әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылады. Табиғатты аялау бағытында басқарма ұжымы мен тиісті мекемелер өз аумағында және мәдени-туристік орындарда тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі