Қарғын судан зардап шеккен аймақтарға азық-түлік, гигиеналық заттар, қайық, күрек, қазан-ошақ сынды қажетті заттар жіберілді. Сондай-ақ суда жүретін арнайы киімдер мен етіктер де бар. Жүктің жалпы салмағы 30 тонна көлемінде. Айта кетерлігі, гуманитарлық көмектің жеткізілуіне “Әділдік және өркендеу” қоғамдық қоры қолдау көрсеткен.