– Бүгін өзім қызмет еткен Бәйдібек ауданына келіп, «Аппақ ишан» киелі орнында аудан жастарымен және музей қызметкерлерімен бірге ағаш отырғыздым. Бұл – біздің тарихи мекеніміз. Қазіргі таңда жастарға ұлы тарихымыздан сыр шертіп тұрған сәулет-көркем музейі, – деді Оразкүл Асанғазықызы.
Жалпы «Киелі мекен» аптасында Түркістан облысында 170 іс-шара өткізу жоспарланған. Соның ішінде зиярат етушілер мен туристер көп болатын Сауран қалашығы, «Укаша ата» мен «Жүсіп ата» кесенесі, Ысқақ баб пен Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі секілді киелі орындар тазаланады. Алдағы уақытта «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» науқаны бойынша іс-шара жоспары әзірленіп, жүйелі жұмыстар атқарылады.