«Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан «Таза өлке» апталығына Бәйдібектік кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда. Балық шаруашылығын қолға алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған Елнұр Шынқожаев 100 түп айлант көшетіне демеушілік жасады. Аталған көшеттерді кәсіпкер аудан жастырмен бірге Шаян ауылындағы Қ.Сыпатаев көшесенің бойына отырғызды.
– Еліміз таза әрі, жасыл желекке айнала берсін. Барша аудан кәсіпкерлері мен ел ағалары Мемлекет басшысының бастамасына қолдау білдіріп, экологиялық акцияға белсене қатысуға шақырамын, – деді кәсіпкер.
Түркістан облысы әкінінің баспасөз қызметі