МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «HIVA GILAMLARI» КІЛЕМ ТОҚУ ФАБРИКАСЫНА БАРДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «HIVA GILAMLARI» КІЛЕМ ТОҚУ ФАБРИКАСЫНА БАРДЫ
🇰🇿🇺🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуа қаласына жұмыс сапары барысында Президент Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан жеңіл өнеркәсібіндегі үлгілі кәсіпорындардың бірі саналатын «HIVA GILAMLARI» кілем тоқу фабрикасын аралап көрді.
▪️Іргесі 1977 жылы қаланған кәсіпорынға жаңа инвестор толықтай реконструкция жасаған. Мұнда жылына 4,2 миллион шаршы метр кілем тоқитын төрт цех жұмыс істейді.
▪️Мемлекеттер басшыларына акрилден иірілген жіп өндіру цехы, кілем тоқу цехтары және дайын кілем үлгілерінің шоу-румы көрсетілді.
▪️Кәсіпорын директоры Камол Абдуллаевтың айтуынша, фабрика кілемдері ішкі нарыққа сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне, ҚХР мен АҚШ-қа экспортқа шығарылады.