ТҮРКІСТАН: ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БІРНЕШЕ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БІРНЕШЕ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР
Жастарға үлкен мүмкіндік
 
Жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды және үзіліссіз болуға тиіс.
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы бес жыл ішінде оқуын аяқтаған және отыз бес жастан аспаған жұмыссыздарға арналған.
Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жастар практикасын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Өтінішке мынадай құжаттарды:
1) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі
2) еңбек кітапшасын (бар болса);
3) орта және жоғары оқу орнын аяқтағанын растайтын диплом көшірмесі.
Жолдама алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталығына жүгіну қажет. 
 
«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ
 
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы – жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар үшін оларды кейіннен тұрақты жұмыс орнына кемінде 6 (алты) ай мерзімге жұмысқа орналастыру шартымен ұйымдастырылады. Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан жалақыны субсидиялау мерзімі 18 айдан аспайды;
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жастар үшін субсидияның бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есептемегенде 30 (отыз) АЕК-ті құрайды.
Алғаш рет жұмыс іздеп келген азаматтар, Мансап орталығында тіркелгеніне қарамастан 35 жастан аспаған жастар, оның ішінде NEET санатындағы, жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздар қатыса алады.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Өтінішке мынадай құжаттарды:
1) жеке басты куәландыратын құжатты
2) арнаулы орта немесе орта және жоғары оқу орнын аяқтағанын растайтын диплом көшірмесі.(бар болса)
Жолдама алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.
 
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҰСЫНЫЛАДЫ
 
Қоғамдық жұмыстар – Мансап орталығы ұйымдастыратын, жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері;
Қоғамдық жұмыстарды Мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады.
Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімді құрайды.
Қоғамдық жұмыстардың мынадай ерекшеліктері бар:
 өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;
 арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.
Қоғамдық жұмыстарға:
1)жұмыссыздар;
2)оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда;
3)тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін үміткерлер мынадай құжаттарды:
1) жеке басты куәландыратын құжатты
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса);
3) бар болса білімі туралы құжатты (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқудан өткенін растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мансап орталығына өтініш береді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін он алты жас пен он сегіз жас аралығындағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары өтінішпен қоса:
1) ата-аналарының бірінен немесе заңды өкілдерінен жазбаша келісімді;
2) оқу орнынан оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуына жазбаша келісімді ұсынады.
Жолдама алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.