Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқан бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды. Ұлыстың Ұлы күні Түркістаннан бағыт алған ұшақ “Қазақэйр” әуекомпаниясына тиесілі. 80-ге жуық саяхатшыны көрші елдің әуежайынан Самарқан әкімінің орынбасары, жергілікті билік өкілдері ерекше салтанатпен қарсы алды.