ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Арыста наурыз мерекесі қарсаңында қала бойынша жаппай сенбілік өтті. Сенбілікке әкімдік тарапынан қажетті ауыр техникалар, әктеуіш құралдар мен ағаш көшеттері жұмылдырылды.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес қала 17 секторға бөлінген болатын. Әр секторға әкімдік бөлімдері мен аппараты сондай-ақ мемлекеттік мекемелер жауапты болып бекітілген.
Бүгінгі сенбілікте әр сектор өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды шығарып, шөп шауып, ағаштарды сырлап, тал отырғызды. Осылайша сектор тұрғындары қаланың тазаруына ықпал жасады.
Сенбілікте мемлекеттік қызметкерлерден бөлек белсенді азаматтар шығып, үйлерінің аумағын қоқыстан тазартып, қаланың көркеюіне аянбай атсалысты.
Айта кетейік, мұндай тазалық жұмыстары барлық ауылдық округтерде де атқарылды.
Бұл бағыттағы жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.