Түркістан облысының жастары «Қайырымдылық күн» қамкөңіл қариялардың еңсесін көтерді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және ерікті жастардың қатысуымен, Қазығұрт ауданындағы жалғыз ілікті қаттардың үйлеріне сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Жастар қарттардың үйін қардан тазартып, көмек пен жай ғана жылы көңілге мұқтаж жандардың көңілін аулап қайтты. Игі іске жұмылған жастар қариялардың риясыз лебіздеріне ие болды.
Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс. Түркістан облысының еріктілері қамқорлығындағы қариялаға жыл бойы барып, жалғызбасты, жәрдемге аса мұқтаж үлкен кісілерге айрықша назар аударады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі