ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ АРДАҚТЫ АНАЛАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ АРДАҚТЫ АНАЛАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Төлеби ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік концерт өтті. Шарада аудан әкімі Төлеген Телғараев өмірдің мәні, тіршіліктің сәні, шаңырақтың ұйытқысына айналған аналар мен түрлі салада еңбек етіп, ауданның өркендеп дамуы жолында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтады.

Мерекелік жиында шырқалған әндер аналарға арналып, тіршіліктің тірегі, әлемнің шуағы, өмірдің гүлі, отбасының құт-берекесі мен шырағы, ырысы бола білген аналарға құрмет көрсетілді.

Жалпы Төлеби ауданында 2021 «Алтын алқа», 3140 «Күміс алқа» иегері бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі