
Облыстық мәдениет және туризм басқармасының Түркістан музыкалық драма театры Франциядағы Қазақстанның мәдениет күніне орай өнер көрсетті. Бельфор қаласындағы ұлттық театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық қойылымы сахналанды.
Екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында театр ұжымын «GRRRANIT» Халықаралық сахнасының директоры Элеонора Росси шақыртқан болатын. Іс-шара барысында театр директоры Әлімхан Мырзахан сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірі.
Айта кетейік, «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма XXVIII Республикалық фестивалінде «Айырықша пластикалық шешім» номинациясының, ҚР Мәдениет және Өнер саласындағы «ҰМАЙ» тұңғыш ұлттық сыйлығының «Үздік балет спектаклі» номинациясында финалист, Әзербайжан Республикасында Әзербайжан мемлекеттік ұлттық театрының 150 жылдығына және жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына, сондай-ақ ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына 30 жыл толуына орай өткен І Халықаралық театр фестивалінде «Ең үздік пластикалық қойылым» номинациясы және ҚР «ҰМАЙ» екінші ұлттық сыйлығының «Хореографиялық өнер» номинациясында «Үздік заманауи хореография спектаклі» сыйлығының иегері атанған. Спектакльдің қоюшы-режиссері – белгілі Ресейлік балетмейстер, өнертанушы Константин Семенов. Композиторы – дарынды жас композитор Хамит Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі