ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мақсатында аудандық №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандарының активі арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.
Кездесудің ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, командаларға сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында салауатты өмір салтын ұстануға үнемі шақырып келеді. Мемлекет үшін маңызды қызметте жүріп, бұқаралық спортпен айналысып, спортты серік еткен сіздерге алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы.
Волейболдан жолдастық кездесуге үш ауданның басшылық құрамынан жинақталған командарлар қатысты. Жолдастық кездесудің қорытындысымен Сарыағаш ауданының активі үздік атанып, І орынды иеленді. Келестік актив ІІ орынды қанжығаласа, ІІІ орынды Қазығұрт ауданының активі місе тұтты.
Сайыс соңында жеңімпаздарға сыйлықтар табысталып, үздік ойын көрсеткен команда мүшелері арнайы алғыс хаттармен марапатталды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі