ТҮРКІСТАНДА ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КЕШ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КЕШ ӨТТІ
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында КСРО халық әртісі, театр және кино актері, режиссер Шәкен Айманов туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ киносының Шәкені» атты іс-шара өтті.
Кездесуде Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатымен телекөпір жүргізілді. Кеш қонақтары – «Оңтүстікфильм» мекемесінің директор Райхан Нарикова, Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ақтөре Қайрат, дәстүрлі әнші, термеші, Мәдениет саласының үздігі – Аязбек Абдыбекұлы, Шәкен Айманов атындағы мұражай жетекшісі Ержан Бақтыбайұлы, Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернат басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Елмира Мергенбайқызы, Шәкен Аймановтың немере інісі Тоғжан Мұзафарұлы Zoom флатформасы арқылы тікелей эфирге қосылды.
Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы жас ақын Қанаш Ернұр арнау оқыды. Кеш барысында дәстүрлі әнші Аязбек Абдыбекұлы«Транссібір экспресі» фильміндегі Шәкен Аймановтың өзі шырқаған «Жиырма бес», «Екі жирен» әндерін нақышына келтіре орындады. Немере інісі Тоғжан Мұзафарұлы кеш кейіпкері жайлы естеліктер айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі