Түркістанда мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие, ата-бабамыздан қалған тоғызқұмалақ ойынын дәріптеу мақсатында тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты басталды. Сайысқа облыстың 8 ауданынан және екі облыстық мектептен 100-ден астам спортшы қатысып, өзара үздіктерін анықтамақ.
Аталған жарыста 14 жаспен 21 жас аралығындағы тоғызқұмалақшылар классика, рапид және блиц түрінен сынға түсіп жатыр. Апта бойы жалғасатын жарыстың жеңімпаздары республикалық чемпионатқа жолдама алады.
Айта кетейік, тоғызқұмалақтан ел чемпионаты наурыздың 21-30 аралығында Өскемен қаласында өтеді деп күтілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі