Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын күшейтуді тапсырған болатын. Осы орайда Сауран ауданында тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында бюджеттен қаржы бөлініп, 2 трансформатор алынды. Әрқайсысының қуаттылығы 160 квА. Жаңадан алынған 2 трансформатор Еңбекші диқан елді мекені мен Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елді мекеніне орнатылуда. Электр энергиясын жеткізу сапасын жақсартуға қажетті құрылғы аудан орталығы мен елді мекендерге де қойылуда.
Айта кетейік, бұған дейін аталған ауылдық округ тұрғындары тоқ мәселесін көтерген болатын. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындар өтініші бойынша мамандарымен бірлесіп жарық мәселесі шешілуде. Электр желілерінің тозуына және трансформаторлардың ескілігіне байланысты жарықтың жиі сөнуі елді мекендерде өзекті мәселелердің бірі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі