Айта кету керек, «Достық» каналы бойынша су алу лимиті 1116,0 млн. текше метрді құрайды. Оның ішінде желтоқсан-наурыз аралығындағы ылғалдату жұмыстарына 486,8 млн. текше метр қарастырылған. Бүгінгі таңда аталған канал арқылы осы мақсатта 88,98 млн. текше метр мөлшерінде су алынды.
«Түркістан облысының суармалы жерлеріне қысқы мезгілде су беріліп жатыр. Бұл егіс алқаптарындағы ылғал мөлшерін көбейтуге, топырақтың құнарлығын жақсартуға және ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жасалады. Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы ылғалдату жұмысын наурыз айына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.