ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР БІЛІМ БӘЙГЕСІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР БІЛІМ БӘЙГЕСІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Байқаудың ерекшелігі, бұған ауыл мектептерінде оқитын оқушылар қатысты.
Білім бәйгесінің республикалық кезеңіне Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты №11 Манкент жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Лутпиллаев Хамидулло үздік нәтиже көрсетіп, ІІ орынды иеленді. Осы жетістігі үшін оған Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқу гранты тапсырылды. Сонымен қатар аталмыш олимпиадаға Рустемов атындағы №12 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Султаниязова Саида да қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
Өңір мерейін үстем еткен оқушыларды аудан әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр, аудандық білім бөлімінің басшысы Тынымбаева Гүлнара, мектеп ұжымы, туысқандары мен достары теміржол вокзалынан ыстық ықыласпен күтіп алып, жеңістерімен құттықтады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі